$529.99 €546.63 ₽5.21
×

Бішкекте ғимарат алдында өзін өртеп жіберген ер адамға қатысты тың дерек шықты

AstanaTV
21.01.2025ж. 11:18
77
Бішкекте ғимарат алдында өзін өртеп жіберген ер адамға қатысты тың дерек шықты

Бішкекте Бас прокуратура ғимараты алдында өзін өртеп жіберген ер адамға қатысты тың дерек белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24.kg мәліметінше, прокуратура ер адам екі қылмыстық іс бойынша жәбірленуші екенін хабарлаған. 

Бірінші істе оның көлігін иесінің рұқсатынсыз 63 мың долларға сатып, ақшаны иемденген. Сот айыпталушыны босатқанымен, прокуратура оны қамауға алу туралы жаңа өтініш берген.

Екінші іс жылжымайтын мүлікпен байланысты алаяқтық туралы. Күдіктілер үйді 500 мың долларға сатып, жәбірленушіні алдап кеткен. Екі айыпталушы да қамауда отыр.

- Бұл жайттар Бас прокуратураның бақылауында, – дейді ведомство өкілдері.

Еске салайық, 20 қаңтарда белсенді Ырғалай Бекмұратова Бішкекте Бас прокуратура ғимаратының алдында белгісіз ер адам өзін өртегенін айтты. 

24.kg мәліметінше, жігіттің жылжымайтын мүлікке қатысты дауы болған. "Әділетсіздікке ұшырадым" деп наразылығын осылай білдірген.   

Көз алдымда болды. Ер адам Бас прокуратура ғимаратының жанында тұрды. Содан кейін ол бөтелке алып шығып, сұйықтықты үстіне құя бастады. Мен бұл шай деп ойладым. Содан кейін ол өзін өртеп жіберді, - деді Бекмұратова.

Елорданың шұғыл медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары Егор Борисов оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы барғанын атап өтеді.