$529.99 €546.63 ₽5.21
×

Қазақстанда 60-тан астам әкім орынбасары айыппұл төледі

AstanaTV
21.01.2025ж. 12:02
70
Қазақстанда 60-тан астам әкім орынбасары айыппұл төледі

Қазақстанда 60-тан астам аудан және қала әкімдерінің орынбасарларына айыппұл салынды. Бұл туралы Экология министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Спутниктік технологиялар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау мен жоюдың тиімді құралы. Стихиялық қоқыс үйінділерінің анықталғаны туралы "Қазақстан Ғарыш Сапары" деректері негізінде аумақтық Экология департаменттері әрбір жағдайды тіркеп, әкімдіктерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама береді", - деді Экология министрі.

Министрдің сөзінше, егер әкімдіктер тиісті шараларды қабылдамаған жағдайда лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

"2024 жылы 164 лауазымды тұлға жалпы көлемі 9,4 млн теңгеге, оның ішінде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде 61 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- деді министр.

Соңғы жылдары анықталған қоқыс үйінділерінің саны едәуір азайды. Мәселен, 2018 жылы 8,7 мың қоқыс үйіндісі анықталып, оның 57%-ы жойылса, 2024 жылы шамамен 4,8 мың қоқыс үйіндісі анықталып, оның 91%-ы жойылды.