АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трамп қызметіне кірісе сала, 2021 жылдың 6 қаңтарындағы Капитолий ғимаратына басып кірген мыңдаған адамды кешіру туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды kursiv.media.
Капитолий ісі бойынша Трамптың жақтастары Джо Байденнің президенттік жеңісін мойындамай, Капитолийге шабуыл жасап, Вашингтонда тәртіпсіздік ұйымдастырған болатын.
Трамп өз сөзінде: «Олар бүгін босатылады деп үміттенемін. Олар осы сәтті ұзақ күтті. Шамамен 1 500 адам», – деп мәлімдеді.
Алайда кейінірек журналистер нақты сан басқаша екенін анықтады. Шын мәнінде, шамамен 1 600 адам кешірімге іліккен.
Сондай-ақ Трамп Oath Keepers және Proud Boys сияқты оңшыл радикалды топтардың 14 мүшесінің жазаларын жеңілдетті. Бұл тұлғалар бүлік ұйымдастыруға қатысқаны үшін сотталған еді.
Қызметіне жаңадан кіріскен Дональд Трамп бұдан бөлек Джо Байденнің президенттік кезінде қабылданған 78 шешімді жоятын жарлыққа қол қойды. Оның ішінде АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу туралы жарлығы бар. Сондай-ақ атқарушы жарлықтар, меморандумдар және басқа да құжаттар кіреді.