$529.99 €546.63 ₽5.21
×

Сербиядағы қарттар үйіндегі өрттен 8 адам қаза тапты

AstanaTV
21.01.2025ж. 14:11
86
Сербиядағы қарттар үйіндегі өрттен 8 адам қаза тапты

Сербияның Велики-Борак қаласындағы қарттар үйінде 20 қаңтарға қараған түні болған өрт салдарынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Зардап шеккен тағы бірнеше адам Белград ауруханаларына жеткізілді. Өртті сөндіруге көптеген құтқарушылар мен өрт сөндіру машиналары жұмылдырылды. 

Өрт сағат 03:32-де басталған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жалпы аумағы 500 шаршы метр ғимараттың 150 шаршы метрінде жалын тарағанын анықтады.

- Өрт кезінде қаза болғандарға сараптама тағайындалды, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қосымша шаралар қабылданып жатыр. Үйді оның тұрғындарының бірі әдейі өртеді деп күдіктенуге негіз бар, ол өзі жарақат алған, - делінген Сербия прокуратурасының мәлімдемесінде.

Сербия президенті Александр Вучич Давоста жүр, ол қарттар үйінде қаза тапқандардың отбасыларына сол жерден көңіл айтты. 

- Бараево маңындағы қарттар үйінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын. Мен Бас прокуратураның жедел әрекетіне қанағаттанамын және полицияның тергеуі соңына дейін жүргізіледі деп ойлаймын, - деді ол. 

Бұған дейін Калифорниядағы өртке байланысты 200 мыңға жуық адамға қауіп төніп тұрғанын жазған болатынбыз.