Түркияның солтүстік-батысында өрттен 10 адам көз жұмып, 30-дан астамы жараланды, – деп хабарлайды 24kz.
Қайғылы оқиға Карталкая тау шаңғысы шипажайының қонақүйінде болған. Бұл туралы Daily sabah басылымы хабарлады. Тілсіз жауды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Өрт сөндіруге 80-нен аса арнаулы техника тартылған. Болу қаласы мен жақын маңдағы провинциялардан қосымша күштер келіп жатыр.
Оттың тұтану себебі әзірге белгісіз. Тергеу басталды. Өрт басталған кезде қонақүйде 234 адам тұрып жатқан. Олардың бәрі қауіпсіз жерге көшірілді.