Жас жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Астанадағы «Кейкі мерген» атқыштар клубында болған. 19 жастағы елорда тұрғыны «Tanfoglio Limited Custom» маркалы тапаншамен жаттығуды бастап, кенеттен өзін атып өлтірген.
Істің мән-жайын Полиция департаментінен сұрап, білген едік.
«19 жастағы елорда тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр», — делінген ресми хабарламада.