Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болып журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды. Бұл туралы kkf.kz хабарлайды.
Ақпарат Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында жарияланды, сондай-ақ Нұрсұлтан Құрман бұл жаңалықпен өз Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында да бөлісті.
Нұрсұлтан Құрман отандық спорт қауымдастығына бұрыннан таныс тұлға. Бұған дейін ол 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.