Павлодарда өгей әкесі 2 жасар баланы ұрып, соғып, иығын сындырған. Сәбидің аяқ, қолы, беті басқа дене мүшелері көгеріп қалыпты. Қазір баланың жағдай қалыпты. Дәрігерлер қажетті ем дом жасады. Сәби үйінде анасының бақылауына алынған.
СЕРГЕЙ САМЕЦ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
Рентген жасау барысында баланың екі иығының жабық сынуы анықталды. Бірақ, денесінде көгерген іздер көп болды. Бұл кезде анасы бізге балам орындықтан құлап кетті деген болатын. Ал ертеңінде анасы бізге қайтадан келіп, баласын өзімен бірге тұратын күйеуі ұрып соққанын айтты.
Анасы баласын күйеуі өзі жоқта сабағанын айтқан. Аталған деректі полиция да растап отыр. Күдікті қазір қамауға алынды. Ал өгей әкесінің кішкентай балаға не себепті қол көтергені белгісіз. Оны тергеу барысында тәртіп сақшылары анықтайтын болады.
ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.