Батыстағы Қазақстан-Ресей шекарасының "Сырым" өткізу бекеті 1 ақпанда жөндеуге жабылмайды. Бұған тендерді тең бөле алмай дауласқан екі мердігердің соттасуы себеп болыпты.
Әзірге тараптардың текетіресі қашан аяқталары белгісіз. Жоспар бойынша бекетті бір жарым жыл ішінде қайта салып шығуға 21 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға әкімшілік ғимараттарды салып, жолаушыларға жайлы жағдай жасау, жүк көліктерін тез тексеріп, өткізу қарастырылған.
АСЫЛБЕК МАРДАН, "ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК" АҚ БҚОФ ДИРЕКТОРЫ:
Бүгінгі күні 6 жолақ болса, қайта жаңарту жобасы біткеннен кейін 12 жолақты болады, рентген болады, таразы болады ішінде. Сондай қондырғылар болады. Бүгінгі күні жұмыстың қашан басталары белгісіз. Мердігер мекеме өзара келісе алмай жатыр, ұтқан мердігер мен ұтылып қалған мердігер.
Ал кәсіпкерлер шекара бекетінің жабылуына қарсы, өйткені көрші елмен қарым-қатынас нашарласа, шаш-етектен шығынға батамыз дейді. Жолаушы және жүк тасымалының ел экономикасына әсері орасан. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы 6 көлік өткізу бекетінің ең ірісі - "Сырымнан" былтыр 606 мың көлік өткен. Оның 40% астамы - жүк көлігі.
ТҰРАРБЕК ТІЛЕМІСОВ, БҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жаз келе жатыр. Грузовой потоктың бәрі көбейеді. Құрылыс жұмыстары басталады, жол жұмыстары басталады. Битум тасиды, басқа да заттарды тасиды. Білесіздер ғой, құрылыс заттарының бәрі басқа жақтан келіп жатыр.