Елордада "Жас ғалым" мәртебесін заңға енгізу қажет. Бұл мәселе Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысында көтерілді. Себебі, осы күнге дейін "Жас ғалым" ұғымы заңда нақты көрсетілмеген. Сондықтан жиынға қатысқандар бұл мәселеге қолдау білдіруге үндеді. Айта кетейік, аталған кеңес былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған. Биыл ұйым арнайы орган ретінде тіркелді.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Жуырда ғана сіздер арнайы жоғарғы ғылыми орган болып бекітілдіңіздер. Бұл да Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен. Кеше ғана Ұлттық академия президентін де Мемлекет басшысы қабылдады. Бұл сіздерге артылып отырған үлкен жауапкершілік, әріптестер! Сіздер ғылымға қадам басқан соң біз сіздерден жаңалықтар,жаңа бір жетістіктер, тың көзқарастар күтеміз. Өйткені зерттеушілер сіздерсіздер.
МАҚСАТ ЖАБАҒИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біз ғылыми қоғам ретінде өз мүддеміз үшін бірігіп қолға алмасақ және депутаттардың қолдауын алмасақ, ол министрлік жалғыз өзі ол мәселелерді шеше алатыны екі талай. Сондықтанда былтырдан бастап біз кеңес ретінде белсенді түрде осы ғылым бағытындағы саясатқа араласып жүрміз.