Картоп бағасы тұрақталады. Ауыл шаруашылығы министрлігі жұртты алаңдатқан сауалға жауап берді. Астанада өнімнің бір келісі кеше 433 теңге болса, бүгін 280 теңгеге түсті дейді. Қазір көкөніс жеткілікті. Ел бойынша 62 мың тонна қор бар, олар әлеуметтік дүкендер арқылы орта есеппен 130 теңгеден сатылып жатыр.
НАЗГҮЛ ХАТЕПОВА, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ЕГІНШІЛІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Біз 600 мфң тоннадан артық картоп дақылын экспорттадық. Салыстырмалы түрде 2023 жылыдң көрсеткішімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Яғни 2023 жылы 411 мың тонна картиоп экспорттадық. Сыртқы нарықта, көршілес елдерде картопқа деген сұраныс өте жоғары.