Оралдағы түнгі клубта адам пышақтаған 2 күдікті ұсталды. Полиция департаментінің дерегінше, екеуі де - Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Оларға жергілікті қылмыстық топтардың арасындағы төбелес кезінде қарсыласын пышақ сұқты деген айып тағылып отыр. Осы қанды оқиғадан кейін екеуі бой тасалаған. Күдіктілерді тексеріп, үйін тінткен тәртіп сақшылары бірнеше суық қаруды тәркіледі. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.