$520.91 €544.25 ₽5.29
×

Астанада "Жұмысшылар жылы" аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Астанада "Жұмысшылар жылы" аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Астанада "Жұмысшылар жылы" аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. "АМАNАТ" партиясының Астана қалалық филиалы бірқатар елордалық колледждермен келісімге келді. Тараптар студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастырып, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге келісті. Білім беру ұйымдары бағдарлама әзірлеп, студенттердің тәжірибеден өтуін ұйымдастырады. Партия мүшелері осы бастаманың арқасында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге болады, дейді. 

ШОЛПАН КАРИНОВА,  "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Колледж бітіруші түлектердің барлығы тиісті еңбек нарығында практикадан өтіп, одан кейін жұмысқа орналасуына байланысты үлкен қадамдар жасалып жатыр. Сондықтан бұл бір өте қарқынды биылғы жұмысшы жылында осыған үлкен бір қарқын беріледі деп есептейміз. Осы бүгінгі қадамдар тек ғана алдағы уақытта осы колледждерде білім алып жатқан жастар үшін және жастардың жұмысқа орналасуына септігін тигізетіндігіне сеніміміз мол.