$520.91 €544.25 ₽5.29
×

Таразда қоғамдық көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды

21.01.2025ж. 20:00
161
Таразда қоғамдық көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды

Таразда қоғамдық көлікті мас күйінде басқарған 47 жастағы жүргізуші ұсталды. Ол нөмірі 10-шы бағыт бойынша жолаушы тасымалдаған. 

Бұл азаматтың жұмысқа қабылданғанына бір айдан енді ғана асқан. Автобус жүргізушісінің күмәнді әрекеті патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аудартқан. Дереу тоқтатып, тексеріс жүргізді. Ащы судың иісі шыққасын, сараптамаға жіберген. 

АБЗАЛ ҚҰРМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ:

Медициналық сараптама қорытындысы бойынша 2,59 промилле көрсетті. Яғни масаңдықтың орташа дәрежесі.  Жүргізуші соттың шешімімен 15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды.