Астанада 19 жастағы жігіт өзін-өзі атып өлтірді. Оқиға қаладағы атыс клубтарының бірінде болды. Алдымен клубтың тұрақты келушісі әдеттегідей нысанаға оқ атты. Кенеттен ол тапаншаны басына кезеп, шүріппені басқан. Қызметкерлер дереу полиция мен жедел жәрдем шақырғанымен, жас жігіт тіл тартпай кетті. Бейресми деректер бойынша оның қалтасында өлер алдында жазылған хат болған көрінеді.
МАДИЯР ОМАРОВ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Елорданың 19 жастағы тұрғынының мәйіті табылу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.