$527.58 €546.15 ₽5.29
×

Көктемде Астанада егеурқұйрық қаптайды

21.01.2025ж. 20:00
130
Көктемде Астанада егеурқұйрық қаптайды

Көктемде Астанада тышқан қаптайды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті осылай деп дабыл қағуда. Мамандар жүргізген зерттеудің нәтижесінде, әрбір аналық тышқанның ішінде 8-9 эмбрион бар. Құтырма, өкпе обасы сияқты аса қауіпті жұқпалы ауруларды тасымалдайтын жәндіктермен қалай күреседі? Еркелді Тілеуқұл сұрады. 

ЕРКЕЛДІ ТІЛЕУҚҰЛ, ТІЛШІ:

- Ааа, тышқан!
- Не болды?
- Ана жерде тышқан жүгіріп жүр.
- Қой-ей, бұл жерде қайдан тышқан болады?
- Тышқан деймін. Жүгіріп кетті.
- Бұл жерде тышқан болуы мүмкін емес.
- Жүрші, көрсетемін.

Қыбыр етсе біз секілді қорқып, жүрегі ұшып кететіндер көп. Себебі бас қалада кеміргіштер қаптап барады. Тышқандар бұрынғыдай інге тығылмайды, талтаңдап жүретін болған.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қоқыс тастауға шығуға сескеніп қалдық. Алдыңнан атып шығады. Жертөледен шығып, үйдің кіреберісіне де емін-еркін келеді. Жоғарғы қабаттардағы көршілерім де көп шағымданды. Бұл сұмдық қой.
- Ылғалды жер ғой. Сондықтан, барлығы болады. Тышқан дейді, атжалман дейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қала тұрғындарынан былтыр 374 шағым келіп-түскен. Тіпті, оның барлығына барып тексеру мүмкін болмаған. Көпшілігі, жертөле мен жоғарғы қабаттарда көрдік деп арызданған. Көктемде тіпті көбеймек. Мамандар осылай деп дабыл қағуда.

АЙБАРША ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Әрбір аналық буаз тышқаннан 8-9 эмбрионнан шықса, крысадан 6-7 эмбрион шығып жатыр. Бұл дегеніміз – алдағы көктемде санының өсуіне алып келеді. Тышқандардың биологиясына келетін болсақ, олар ылғалды жерді, өзіне азығы жақын болса және жанында қоқыс алаңдары, қараусыз қалған үй-жайлар мен құрылыс алаңдарында орналасады қыс кезінде.

Елордада 70-ке тарта дезинсекция жасайтын үлкенді-кішілі мекеме бар. Алайда, лицензиялары жаңартылмағандықтан, қазір олардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Сол себепті, келер көктемде тышқандарға төтеп бере алатындығымыз екіталай.