$527.58 €546.15 ₽5.29
×

-32 градустық аяз: Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

AstanaTV
21.01.2025ж. 18:47
78
-32 градустық аяз: Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет Астанада 22-24 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 қаңтарда Астанада бұлтты күн, арасында қар, боран болады деп күтіліп отыр. Жел солтүстік-батыстан соғады: 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 және одан да аса. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19 градус аяз, күндіз одан әрі төмендейді.

23 қаңтарда күндiз -22-27 °C аяз болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ал түнде -25-30 °C аяз күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

24 қаңтарда күндiз -18-23 °C аяз күтіледі. Облыстың солтүстігінде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ал түнде -30-35 °C аяз болады. Желдің жылдамдығы: 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.