$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Алматыда екі күн қар борайды

AstanaTV
21.01.2025ж. 19:13
112
Алматыда екі күн қар борайды

Алматыда алдағы екі күнде қар жауып, көктайғақ болады. Сондықтан Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 қаңтарға қараған түннен бастап екі тәулік ішінде қалада қар жауады. Көктайғақ күтіліп, ауа температурасы төмендейді:

22 қаңтар түнде -7-ден -9°С-қа дейін, күндіз 0-ден -2°С-қа дейін;

23 қаңтар түнде -15-тен -17°С-қа дейін, күндіз -5-тен -7°С-қа дейін.

"Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшіп жатыр. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 204 құмтаратқыш қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлерінде кезекші болады", - деп жазылған қала әкімдігі хабарламасында.

Әкімдік мәліметінше, тәулік бойы 624 арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарланып отыр.

"Құрметті жаяу жүргіншілер! Тротуарларда абай болыңыз, шатырлардан қар мен мұз түсуі мүмкін, сондықтан көп қабатты ғимараттардан алшақ жүрген жөн", - деп ескертті қала әкімдігі.