Құтқарушылар тәулік бойы қызметте қар құрсауында қалған азаматтарға және олардың көмегіне мұқтаж жүргізушілерге көмек көрсетіп, күшейтілген режимде қызмет етуде, - деп хабарлайды Astana TV Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел хабарламасына сәйкес.
Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (қар, екпінді жел) Республикалық маңызы бар «Астана-Қорғалжын» а/ж 19-124 (Астана қ. - Қаражар ауылы) учаскесіндегі көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген. «112» құтқару қызметінен ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту туралы SMS-хабарлама алған кезде оларға назар аударуды, елді мекендерден ұзақ сапарларға шығудан аулақ болуға кеңес беріледі.
Астана-Бурабай автожолдарында ауа-райының нашарлауы нәтижесінде 500-ден астам автокөлік жиналған. ТЖМ құтқарушылары алдын алу жұмыстарын жедел жүргізуінің арқасында 320 машинаны қайтаруға мүмкіндік туды. Жүргізушілер мен жолаушыларды қолдау мақсатында трассада еріктілермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ыстық тамақ ұйымдастырылды. Жылыту пункттерінде 30 адам уақытша орналастырылған, олар да ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Шұғыл көмек көрсету және ақпаратты нақтылау үшін 112 нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарласу ұсынылады.