$527.58 €546.15 ₽5.29
×

Әуежайда түкірген Қытай азаматы айыппұл арқалап, рейстен түсірілді

AstanaTV
21.01.2025ж. 22:49
135
Әуежайда түкірген Қытай азаматы айыппұл арқалап, рейстен түсірілді

Әуежайда түкірген Қытай азаматы айыппұл арқалап, рейстен түсірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының әуежайында 34 жастағы Қытай Халық Республикасының азаматы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталды. Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы–Шымкент бағытындағы рейске отыруға дайындалып жатқан жолаушыны тексеру кезінде оның күту залында, яғни ортақ пайдаланылатын жерде түкіріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытқанын анықтады.

Қоғамдық орынды ластаған құқық бұзушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар тәртіп бұзушы рейстен түсірілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 5 249 тұлғаны жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 499 құқық бұзушы ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін айыппұл арқалаған.