Жазира Байырбекова қыз ұзату кезінде аса қатты шашылмау керегін айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Менің бос күніме ұзату тойларын ауыстырып,бос күнімді анықтап алып тойларын белгілеп жатқандарға басымды иіп рахметімді айтамын бағалаймын! Бұл маған Алланың берген ризығы ғой. Шүкір! Тойдың көп болғаны той сферасындағы қызметкерлерге,біз сияқты әртістерге әрине жұмыс,табыс қой. Бірақ халықты,қоғамды ойласам қыз бен жігіт үйленгенде жігіт жақ та, қыз жақ та үлкен той жасап қай той жақсырақ өтті деп бәсекеге айналып кеткен сияқты. Қызды үйінен өз әулеті ақ батасын беріп,күндіз шығарып салса,үлкен той тек жігіт жақта болса қалай қарайсыздар?Шаршау аз болатын еді, бала-шағаның қасында көбірек уақыт өткізер еді, қарапайым халық үшін шығын аз болатын еді, бәсекелестік азаятын еді», – деп жазды әнші.