Қазақстанның бірнеше өңірінде жолдардың кейбір учаскесі көлік қозғалысы үшін әлі де жабық. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Компанияның мәліметінше, сағат 09:20-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыстағы 28 автожолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілген.
"Таңертең 11 жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді. Ауа райының жақсаруына байланысты шектеулер алынып тасталады", - делінген хабарламада.