$527.58 €546.15 ₽5.29
×

«АҚШ Президентінің шешімі Мәжіліс депутаттарының ЛГБТ-ға қарсы ұстанымымен ұштасты», - депутат

AstanaTV
22.01.2025ж. 12:34
80
«АҚШ Президентінің шешімі Мәжіліс депутаттарының ЛГБТ-ға қарсы ұстанымымен ұштасты», - депутат

АҚШ Президентінің шешімі Мәжіліс депутаттарының ЛГБТ-ға қарсы ұстанымымен ұштасты. Еділ Жаңбыршин депутаттық сауалында осылай деді. Ол ұлтымыздың болашағына балта шауып жүрген азғын жолмен күресіп жатқандарын жеткізді.

«ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірледік. Алайда, осы әрекеттерімізге кейбір шенеуніктер батыс елдері өкілдерінің «демократияны шектеп жатырсыңдар», «адам құқығын таптап жатырсыңдар» деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді.
Тіпті, ЛГБТ өкілдері және олардың сыбайластары депутат әріптестеріме және олардың отбасыларына әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай ақпараттық шабуылдар ұйымдастырды.
Бірақ бұл күресте біз жалғыз қалған жоқпыз. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, жалпы қоғам бізді қолдап E-petition.kz мемлекеттік платформасында ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялады.Небәрі 2 аптада петиция 50 мың қол жинағанын білеміз.
Бұл нені көрсетті?!
Бұл ұлттық болмысымызға жат,ЛГБТ ағымына халықтың ашық қарсы екендігін көрсетті.
Ал Парламент бірінші кезекте халықтың мүддесін ескеріп, оны нақты заңнамамен іске асыруы тиіс.
Олай болса, Үкімет тез арадакелесі шараларды қолға алуы қажет», - деді депутат.