$527.58 €546.15 ₽5.29
×

«Су тасқынның алдын-алу жұмыстары әлсіз ұйымдастырылды», - Е.Бейсенбаев

AstanaTV
22.01.2025ж. 12:51
120
«Су тасқынның алдын-алу жұмыстары әлсіз ұйымдастырылды», - Е.Бейсенбаев

Су тасқынның алдын-алу жұмыстары әлсіз ұйымдастырылды. Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында Елнұр Бейсенбаев осылай деді.

Өткен жылы бірнеше өңірде су тасқыны орын алды. Депутат сол уақытта жергілікті әкімдіктерде не бір техника, тіпті қарапайым құрал-саймандардың болмағанын тілге тиек етті.

 «Соның салдарынан тасқынның алдын-алу жұмыстары әлсіз ұйымдастырылды. Нәтижесінде қаншама елді мекен су астында қалды. Осы оқиғадан соң біз Үкіметке жергілікті атқарушы органның коммуналдық-шаруашылық саясатын ретке келтіру бойынша нақты ұсыныстарымызды жолдадық.
Қазір өңірге депутаттар барған сайын, бірінші кезекте көтерілетін мәселе – әкімдердің қарауында қажетті коммуналдық ресурстардың болмауы. Бұл ретте, кез келген апаттық жағдай, әлеуметтік мәселе орын алса, таяқтың ұшы бірінші кезекте әкімдерге тиетінін білеміз. Шынтуайтында, қала және аудан әкімдерінің құзырында білім саласына да, денсаулық саласына да ықпал ету тетіктері қалмаған», - деді Е.Бейсенбаев.

Өйткені көктем, күз айларында көшеттерді отырғызу, санитарлық кесу, саябақтарды күтіп ұстау, агротехникалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, инвентаризация жасау және басқа да жұмыстар жыл бойы атқарылуы қажеттігін айтты.

«Жыл сайын өткізілетін конкурстар мердігерлердің үнемі ауысуына және көгалдандыру жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуіне кедергі болып отыр. Бұл өз кезегінде коммуналдық салада жүйесіздікті туындатып, аталған міндеттердің уақытылы орындалмауына алып келді. Яғни қарапайым тілмен айтқанда, «Сен салар да мен салар, атқа жемді кім салардың» кебін киіп жүрміз.
Екіншіден,мұндай жағдай абаттандыру және санитария жұмыстарында да орын алып отыр. Мысалы, балалар мен спорт алаңдарының құрылысын, ауланы, жолды қардан, қоқыстан тазартуды жыл сайын тендерді ұтып алған компания жүргізеді, көбінесе олардың бұл салада тәжірибелері жоқ. Соның салдарынан балалар жарақат алған немесе қаза тауып жатқан фактілер де бар.
Сондай-ақ, қалалар мен аудандарда тұрмыстық қалдықтарды жинауды, тасымалдауды бірнеше жеке компания бөліп алған. Ал, жергілікті әкімдерге қалдықтарды көму мен полигонды ұйымдастыру қарастырылған. Бұрынғыдай барлық процесті іске асыратын бірыңғай жүйе жоқ. Осыған байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу өте төмен деңгейде», - дейді депутат.