Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан рейстердің жаңарған статусын ұшар алдында әуежай мен әуе компанияларының ресми сайттарынан тексеру керектігін ескертті, - деп жазды inform.kz.
- Барлық қызметтер рейстердің кешігуін азайту және операциялардың қалыпты тәртібін қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қолдана отырып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады әуежайдан.
Қазіргі уақытта ұшу уақыты кешігіп жатқан рейстер қатарында Ташкент, Қостанай, Астана бағыттары бар.