Түрмеде отырғандармен байланысы бар қылмыстық топтар ұсталды. Еліміздің 10 өңірінен 118 күдікті, оның ішінде криминалистік ортаның 13 өкілі қолға түсті. Операция барысында 100-ден астам тінту әрекеті жүргізіліп: 3 калашников автоматы, 2 травматикалық тапанша, түрлі калибрлі оқ-дәрілер мен 11 келіден астам есірткі тәркіленді. Ұсталғандар арасында алыс және жақын шет елдердің қылмыс серкелері бар.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
Жедел әзірлеу барысында жолға қойылған схема бойынша әрекет ететін топтардың желісі құжатталды. Олардың қатарына бірнеше рет сотталған адамдар кірген.