Жайық өзеніне суға батып қайтыс болған атыраулық жасөспірім Мерлан Санаттың туыстары сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тоқтатылғанына наразы. Қайғыдан қан жұтқан отбасы баласының өлімі қасақана әрекеттен болғанына сенімді. Сондықтан Қылмыстық істі 99-бапқа өзгертуді талап етіп келеді. Отбасымыздың жалғызын ұлынан айырды деген олар істі соңына дейін жеткіземіз деп бекініп отыр.
Мерланның анасы Анаргүл Қасантаева істің тоқтатылғаны туралы қаулыны қолға алғаннан бері өзін қоярға жер таппай жүр. Әділдікті сұрап прокуратураға келді. Арманы асқақ жалғыз ұлымды өлтіргендер бостандықта жүр деп шыр-пыр.
АНАРГҮЛ ҚАСАНТАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:
Тергеу балалар 15 жаста, жастары жетпейді. Кәмелет жасқа толмаған деп сол себепті тоқтатты. Тергеуді басында балаларды шақырғанда балаларға подсказ беріп отырды. Өйткенде олай айтқан жоқсың, кешегідей етіп айтып бер,- деді. Қазіргі таңда балалар жазалану керек. Біз жоғары сотқа әлі барамыз, әлі жазамыз.
Тергеуші қаулыда Мерланмен бірге Жайық жағасында болған жоғары сынып оқушысының «Абайсызда қазаға ұшырату» бабындағы іс әрекеттерді жасағаны дәлелденгенін айтқан. Алайда бұл бапта 16 жастан бастап жауапқа тарту көзделген. Жасөспірімнің жасы 15-те болғ андықтан қылмыстық қудалау тоқтатылыпты. Прокурорлар заңдылығын зерделеуге 10 күніміз бар деп отыр.
РУСЛАН АЙТИМОВ, ҚАЛА ПРОКУРОРЫ:
99-баптың кісі өлтіру бабын көре алмадық бұл жерде. 99-бап деген әдейі келіп өлтіру деген бап болмайды ол жерде. 10 күн уақытымыз бар: заңды шешім қабылдады ма тергеуші, заңсыз шешім қабылдады ма деп. Ол қазір прокуратурады, біз шешім қабылдаған жоқпыз. Бұл іс бойынша.
Жәбірленуші тарап болса, Мерланның суда жүзе алмайтынын біле тұра әдейі итерді деген ойда. Сондықтан кінәлілер жазаланбайынша күресеміз- деп отыр.
АСАН ЖҰМАБАЕВ, АДВОКАТ:
Қылмыстық істе 4 куә бар. Осылардың бәрі айтып отыр. Бұл қылмыстық оқиға орын алғаннан кейін де аталған жасөспірім Ж оның киімдерін түзетіп орынына қойып, телефондағы жазбаларды өшіріп тастаған. Бұл жерде осы оқиға орын алғанға дейін Ж деген жасөспірімнің біз күдікті ретінде ойлайтын баланың інісімен Сана Мирланның арасында келіспеушілік болған бір күн бұрын. Сондықтан бұл жерде Ж есімді жасөспірім тарапынан жанама пиғыл болған. Жанама пиғылменен 99-баппен әбден саралауға болады.
Айта кетейік, қайғылы оқиға былтыр тамыз айында болған. Бір топ бала Жайық жағасына барып, Мерлан сол күйі үйіне оралмады. Марқұмның денесі үш күннен соң судан табылды.