«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалы «Ерікті көмекке» жобасының ауқымын кеңейтпек. Енді барлық аудан тұрғындары, жалғызбасты қариялар, көмекке мұқтаж мүгедектігі бар жандар еріктілердің көмегіне жүгіне алады. Олар 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өз өтініштерін білдіреді. Ал әрбір қоңырау ескерусіз қалмай, жауаптыларға бағытталып отырады. Былтыр пилоттық жоба ретінде қолға алынған бастаманың нәтижесінде 330-ға жуық адамға көмек көрсетілген. Ерікті жастар қарттардың аулаларын, үйлерін тазалап қана қоймай, қыстық отын-суын да дайындап берген. Осындай сауапты істің ортасында жүрген 12 жас түрлі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасқан.
ӘСЕТХАН БАЙМҰРЗА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
2026 жылға жоспарымыз республиканың барлық аймақтарына «Ерікті көмекке» 109 колцентріне арнайы қосу мәселесін ұсынамыз. Бұл бір реттік жоба емес, жобаның арнайы құрылғаннан бастап, жазылғаннан бастап барлығы сараланып, мәселелері қаралып, тұрақты түрде маңыздылығы ескеріліп жазылған жоба. Бұл жоба пилоттық жоба сатысынан сәтті өтті деп айта аламын.