«Семей орманы» өртіне қатысты барлық қылмыстық істің соңғы нүктесі қойылды. Бас прокуартураның мәліметінше, оқиғаға қатысты басшылық лауазымдағы тұлғалар 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Олар абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ал, резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығы 3 жыл қызмет атқару құқығынан айырылып, 2 жыл абақтыға қамалды. Осылайша іске қатысы бар кінәлілер әртүрлі мерзімге сотталды. Еске салайық, өткен жылы Семей орманынан шыққан өрттен 14 адам қаза тауып, 30 мың гектардан астам алқап отқа оранған еді.