$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Отырыста еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады. Сондай-ақ Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.