Мемлекет басшысы тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілеріне сенім грамоталарын тапсырды. Ресми шара «Ақорда» резиденциясында өтті. Президент еліміз жаһандық және өңірлік деңгейдегі тыныштық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған бейбітсүйгіш саясат ұстанатынын жеткізді. Бұл – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басты бағдары.
Тоғыз елдің елшілерін Мемлекет басшысы "Ақорда" резеденциясында қабылдады. Олар көк туымызға басын иіп, құрмет көрсетті. Содан соң, Президент қолынан әрқайысысы сенім грамоталарын алды. Марапатталғандар қатарында Кипр Республикасының елшісі Петрос Накузис, Жапония елшісі Ясумаса Ииджима, Қытай Халық Республикасының елшісі Хань Чуньлинь, Австрия Республикасының елшісі Андреа Бахер, Буркина-Фасо елшісі Аристид Рапугдондба Людовик Тапсоба, Лаос Халық Демократиялық Республикасының елшісі Сипхандон Ойбуабудди, Жаңа Зеландия елшісі Марк Джулиан Трейнор, Дания Корольдігінің елшісі Йеспер Вар, Словения Республикасының елшісі Аленка Сухадолник болды.
ЯСУМАСА ИИДЖИМА, ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:
Қазақстан өте керемет мемлекет. Жапония өзінің озық технгалогияларымен және тәжірибесімен Қазақстанның дамуына әрдайым қолдау білдіреді. Біргелікте жұмыс істеуге ниетті.
МАРК ДЖУЛИАН ТРЕЙНОР, ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:
Жаңа Зеландия Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Себебі біздің ортақ мүдделеріміз бар. Сауда-сақттық, инвестиция, экспорт және әлемдік климат бойынша келісімдеріміз бар.
ЙЕСПЕР ВАР, ДАНИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:
Қазақстан мен Дания географиялық тұрғыдан өте алыс елдер. Дегенмен біздің ортақ мәселелеріміз бар. Әсіресе, қазір көп өзгеріске ұшырап жатқан климат тұрғысында біздің бірігіп істеуіміз қажет дүниелер жеткілікті.
Қазақстан бүгінде әлемдік ауқымдағы іс-шаралар мен кездесулерге ұйытқы бола алатын, халықаралық аренадағы белсенді ойыншыға айналған. Сондықтан өңірдегі ірі экономикасы бар ел ретінде түрлі мемлекеттерден инвестицияны көптеп тартып отыр.
АЛЕНКА СУХАДОЛНИК, СЛОВЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:
Президент қолынаналған бүгінгі құрмет грамотасы мен үшін үлкен абырой. Бүгінде Қазақстан мен Словения арасында тығыз қарым-қатынас пен достық берік орнаған.
ХАНЬ ЧУНЬЛИНЬ, ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:
Соңғы бір жылда екі елдің қарым-қатынасы жоғары деңгейде жалғасып келеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сенім мен достық ниет бүгінде ортақ мүдделерге жылдам жетуге мүмкіндік беріп отыр.
Кездесу соңында Президент елшілердің ресми түрде дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттер басшыларына ыстық ықыласын жеткізді.