Бұрынғының адамдары «бала-өмірдің мәні» деуші еді. Заман ілгерілеген сайын мұны да жоққа шығаратындар көбейді. Чайлдфри үрдісі белең алып барады. Бір сөзбен айтқанда - саналы түрде балалы болудан бас тарту. Бұл еркіндік пе, әлде еріккендік пе? Кезінде өзім үшін өмір сүремін деген өзімшілдерге салық салынатын еді. Депутаттардың бұған пікірі қандай? Адамзаттың көбей-меуіне кімдер мүдделі? Тілшілеріміз таразылады.
МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:
Жіппен бал ашып жатады.
- Мөлдір: Қанша баланы дүниеге әкеледі екем? Қане, айтып жіберші. Қызық болып тұр. 1, 2, 3, 4, 5, 6... Мәә, не болып кетті мынау? Жоқ, тумаймын мен осыншама бала! Атамаш!
- Сүндет: Неге, Мөлдір? Бала деген үлкеен бақыт қой! Мен, мысалы, көпбалалы әке атанғым келеді!
- Мөлдір: Еркектерге айтуға оңай, әрине! Баланы дүниеге әкелетін сендер емес қой! Ал шындығында оның қаншалықты қиын екенін білесіңдер ме?
Иә, осылай пікірі екіге бөлініп, ойы сан-саққа жүгірген жастар бар. Кей әйелдер мен сияқты дене пішімін бұзып алудан қорқады. Оған қоса мансап қуып, жұмыстан қалғысы келмейді. Сол үшін де 9 ай 9 күн құрсақ көтеріп, сәби сүю бақытынан өз еркімен бас тартады. Ерлер болса балалар алдында жауапкершілік алғысы келмейді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Үйленген кезде үй болу қиын дейді ғой. И поэтому жастардың көбісі өздеріне салмақ салғысы келмейді. И поэтому бала қаламайды үйленгенде.
- Біз қазір толерантты обществода тұрамыз. Бала тууға мәжбүрлеу қате деп санаймын. Әркімнің таңдауы, өзінің құқығы бар.
Бір қозы туса, бір жусан артық шығады. Әр баланың өз несібесі барын ұмытпаған абзал.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Адам болған соң осы артына ұрпақ қалдыру керек қой. Әрі қарай өмір жалғасуы керек қой.
- Қазіргі заманда бейбітшілік уақытында, Қазақстан өркендеп жатқанда, мемлекет мүмкіншілік жасап жатыр ғой, көп баланы өз басым қалаймын. Басқа жастарға да сондай кеңесім бар.
Соңғы республикалық халық санағы 2021 жылы жүргізілді. Нәтижесінде бала сүймеген 656,5 мың отбасы анықталды. Сарапшылардың болжамынша, елімізде бала туу деңгейі 2027 жылға дейін төмендеуі мүмкін. Чайлдфри үрдісінің белең алуы демографияның төмендеуіне әкеп соғатыны анық.
АЙША ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
Жалпы өмірдің мәні – бала, артта қалған із деген құндылықтың мәні жайлы бізге көбірек түсіндіру жұмыстарын, үгіт-насихат жүмыстарын, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өмірге дұрыс баланы әкелу құндылықтарын насихаттау керек шығар.
Кеңес Одағы тұсында баласы жоқтарға салық салынатын. Қазір мұндай шешімді қайтару туралы халық арасында пікір тарап жатыр. Алайда депутат Айдос Сарым мұнымен келіспейді. Салық салу мәселені түбегейлі шешпейтінін айтады. Меніңше, алдымен отбасы мен балалардың өмір сүруіне лайықты жағдай жасау керек.
АЙДОС САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT»ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің міндет – адамды мәжбүрлеу немесе зорлау емес. Адамның денсаулығын да көріп отырмыз. Бүгінгі күні ер азаматтардың да денсаулығынан қылау шығып жатыр, әйел азаматтары да ала көтере алмайтын жағдай бар. Елдің экономикасын басқаша жолмен көтерейік.
Сүндет:
Мөлдір, екеуміз біраз айтыстық. Халықтың да пікірін тыңдадық. Осыдан кейін ойың өзгерді ме, айтшы?
Аздап өзгерген сияқты. Өзі онсыз да айыппұлдан көз ашпай жүргенде, салық жағама жармасса, жағдайым қиындайын деп тұр ғой.
Онда жақсы. Бұйырса, биылдан қалмай шілдеханаға барайық!