$520.91 €544.25 ₽5.29
×

43 балабақша қызметкерінің мемлекет алдында 26 млн теңге берешегі бар

AstanaTV
22.01.2025ж. 21:17
88
43 балабақша қызметкерінің мемлекет алдында 26 млн теңге берешегі бар

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында міндетті салық төлемдерінің төленбеу фактісі анықталды. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Кезекті талдау барысында Жымпиты ауылындағы "Балдырған" балабақшасының әлеуметтік медициналық сақтандыруды қоса алғанда міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша 43 қызметкерге 26 млн теңге көлемінде берешегі бар екені белгілі болды.

Соның салдарынан мекеме қызметкерлерінің кепілдендірілген медициналық көмекке қолдары жетпей, конституциялық құқықтары бұзылған.

Аталған факт бойынша облыстық білім беру басқармасына прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және берешекті өтеуге байланысты шара қабылдау керектігі ескертілді.