$520.91 €544.25 ₽5.29
×

Боран салдарынан Павлодар тұрғындары жарықсыз қалды

AstanaTV
23.01.2025ж. 07:31
45
Боран салдарынан Павлодар тұрғындары жарықсыз қалды

Боран салдарынан Павлодар облысында электр сымдары үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірде желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге жетті. Салдарынан электр желілеріне зақым келді. Тұрғын үйлер мен өндірістік нысандар жарықсыз қалды.

Ақауды жою үшін «ПЭТК» АҚ-ның 53 жедел бригадасы – 188 адам және 51 техника бірлік жұмылдырылды. Сонымен қатар, компанияда апаттық бригадалар құрылып, жедел штаб ұйымдастырылды.

«Компанияда апаттық бригадалар құрылып, «ПавлодарЭнерго» АҚ бас директорының төрағалығымен жедел штаб ұйымдастырылды. Апаттық жұмыстар барысында табиғи жағдайлар қосымша қиындықтар туғызды.», - деді «ПЭТК» АҚ бас директорының орынбасары Алексей Толстых.  

Жабылған жолдар арнайы техниканың қозғалуына кедергі келтірсе, мұзды екпінді жел жөндеу жұмыстарын қиындатты.

«Таңертең жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмады, себебі мамандарды зақымдарды жою үшін мұнараға көтеру қауіпті болды. Тек сағат 14:00-ден кейін желдің екпіні басылып, біз ақауды жоюға және осы желіден қуаттанатын өндірістік нысандарды қосуға кірістік», – деп мәлімдеді «ПЭТК» АҚ қалалық электр желілері кәсіпорнының бас инженері орынбасары Юрий Волошанин.

Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.