Синоптиктер 23 қаңтарда Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қалың қар түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с және одан асады деп күтіледі. Талдықорғанда күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қар жауып, тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте түннің бірінші жартысында қар жауып, тұман түседі деп күтіледі.
Абай облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде де қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі, түнде таулы аудандарында қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Кей уақыттарда тұман болады, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с
Астанада 23 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде қар бұрқасындатып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.