Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Батыс Қазақстан облысында газ өңдеу зауытын салуы мүмкін. Бұл туралы халықпен есепті кездесуінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Қазір келіссөздер жүріп жатқан көрінеді. Бастысы, жаңа зауыт құрылысы мен соңғы өнімі - таза табиғи газының бағасы бәсекеге қабілетті болу керек, - деп атап өтті министр. Егер Қарашығанақ басшылығы көгілдір отынның нарыққа төтеп бере алатынын дәлелдесе, зауыт салынуы мүмкін. Яғни баға халыққа қолжетімді болу керек. Әзірге оның құны белгісіз.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
Көру
керек, қай бағамен салады, техникалық экономикалық негіздеме болу керек,
қаншадан салады, қанша оған мұнай кетеді. Қанша газ пайдаланады бұл зауыт? Қанша газ шығады, қаншадан газдың бағасы болады?
Айгүл ӘДЕПБАЙ