Алматы облысында полиция мас күйде көлік жүргізген азаматты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының патрульдік полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, есірткілік масаң күйде көлік жүргізген 34 жастағы ер адамды қолға түсірді.
Оқиға таңғы уақытта Тұздыбастау ауылында орын алды. Патрульдік полицейлердің назарына «Volkswagen Passat» автокөлігі ілігіп, тексеру жүргізілді. Тексеру барысында көлік иесінің есірткі тұтынғаны және бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Құқық бұзушыға заң бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйде басқарудың қоғам үшін үлкен қауіп төндіретінін тағы да еске салып, мұндай әрекеттердің заң жүзінде қатаң жазаланатынын атап өтті.