$520.91 €544.25 ₽5.29
×

Лос-Анджелестегі орман қайта өртке оранды

AstanaTV
23.01.2025ж. 11:39
109
Лос-Анджелестегі орман қайта өртке оранды

Лос-Анджелес қаласының маңында өрт қайта өршіді. Лаулап жанған от 39 шаршы шақырым аумақты жалмап үлгерген. Сан-Габриэль тауындағы 2800 шаршы шақырымды қамтитын Ұлттық саябақ келушілер үшін жабылды,-деп хабарлайды 24.kz.

Тілсіз жаумен күреске мыңнан астам өрт сөндіруші жұмылдырылған.Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Луна 50 мың тұрғынға қауіпсіз жаққа шұғыл көшу туралы нұсқау берілді деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Калифорния штатындағы өрт шамамен 10 күн бұрын тұтанған. Итон ауданындағы оттың 91%, ал Пасифик-Палисейдс ауданында 68%-і сөндірілді. Жалпы 16 мың гектар жасыл желек күлге айналып, 28 америкалық көз жұмған. Мамандар: «Өрттің өршуіне құрғақшылық пен күшті жел себеп», – дейді.

Қазір желдің екпіні сағатына 67 шақырым. Бірақ елдің Ұлттық күн райы қызметі желдің екпіні сағатына 96 шақырымға күшеюі мүмкін деп ескерті.

Мариалис Педерсен, Калифорния штатының тұрғыны: - 100 жыл бойы біздің әулетке пана болған үйіміз өртеніп кетті. Ол испан стилінде тұрғызылған болатын. Отқа төзімді деп ойлайтынмын. Бірақ үйіміз негізінен ағаштан салынған болатын. Едені алтын еменнен жасалған. Өзім экологпын. Сондықтан қоршаған ортаға залалсыз құрылыс материалдарын пайдалануды қолдаймын. Бірақ олар өртке төзімді емес. Соның зардабын тартып отырмын.