Қайтыс болғандардың арасында Turkish Airlines компаниясының қызметкері Зехра Сена Гүлтекіннің отбасы бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 22 қаңтарда Grand Kartal қонақүйінде қаза тапқандарды еске алу үшін ұлттық аза тұту күнін жариялаған еді.
Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйдегі өрттен қаза тапқандар арасында бір әулеттің 14 адамы бар болып шықты. Қызыл жалын Turkish Airlines компаниясының қызметкері Зехра Сена Гүлтекін мен жұбайының және үш баласы, тағы тоғыз туысының өмірін жалмаған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, отбасы мектеп демалысы уақытында Карталкая курортына демалуға барған.