Әлеуметтік желіде Атырауда зейнеткер қайтыс болып, 1 ай көлемінде пәтерінде қараусыз қалғаны, кейін мысықтар денені талап тастағаны туралы ақпарат тарады. Massaget.kz тілшісі Атырау облыстық полиция департаментіне жүгінді.
Оқырмандар WhatsApp чаттарда тарап кеткен видеоны редакцияға жолдады. Олардың сөзінше, бұл жағдай Атыраудағы Авангард шағын ауданында болған.
"Атыраулықтардың чатында тарап жатыр. "Зейнеткер қайтыс болып, пәтерінде үш мысығы жеп тастаған" дейді", - деп жазылған хабарламада.
Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі осы ақпаратқа пікір білдірді.
"Жалған ақпарат. Атырауда болмаған", - деп жазылған полицияның жауабында.