Шетел көргісі келген көпшілік сан соғып қалды.Қостанайда туристік агенттіктің бірі адамдардан алдын ала ақша алып,алдап соққан. Полиция алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.Әзірге 53 адамнан арыз түскен. Агенттік арбауына түскендер саны одан да көп болуы мүмкін.Тұрғындар Египет, Түркия, Таиланд, Вьетнам және Қытайға сапар шегуге ниет білдіріп, турдың құнын толық, кейбірі жартылай төлеген.Ал 40 миллион теңгені қалтаға басқан компания клиенттерге ақшаны қайтармаған.Жеке кәсіпкер ұсталды.
БАУЫРЖАН ӘУБӘКІРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүрігізілуде.Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 40 миллионды құрайды.Қазіргі таңда осы факті бойынша күдікті тұлға ұсталып,қамауға алынды.Осындай фактілерге алданған тұлғалар болса полиция басқармасына жүгінуді сұраймын.