$517.84 €543.11 ₽5.28
×

Ақтөбе облысының екі тұрғыны танысын өлтіріп, басын тоңазытқышта сақтаған

23.01.2025ж. 20:00
201
Ақтөбе облысының екі тұрғыны  танысын өлтіріп, басын тоңазытқышта сақтаған

Танысын өлтіріп, оны бөлшектеп, басын пакетке салып, тоңазытқышта сақтаған. Ақтөбеде болған жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот ісі басталды. Күдікті екеу-Хромтау аудананың тұрғындары. Екеуі де бұрын сотты болған. Тергеу материалдарына жүгінсек, үш жігіт жиналып, ішімдік ішкен. Кейін жанжал шығып, күдіктінің бірі керісіп қалған жігітті сабап, артынша пышақ салған. Кейін екі күдікті пәтерден қашып кетіпті. Ертеңіне үй иесі келіп, қылмысты жасырмақ болады. Мәйітті бөлшектеп, пакетке салып, бөліп-бөліп жасырған көрінеді. Басын тоназытқышына салып қойыпты. Ал туыстары марқұм болған жігітті таба алмай, бір ай бойы іздеген. 

ЖАНАР КАБДЫШЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:

Лукин Кузьменконың өлі денесін ас бөлмеден жуынатын бөлмеге сүйреп әкеліп, бөлшектеген. Сосын дене мүшелерін пакетке салып, Хромтау ауданындағы «Гигант » карьеріне апарып тастаған. Ал өлі дененің қалған бөліктерін өз мұздатқышына салып қойған.

Сотқа жәбірленуші тарап онлайн қатысты. Ал сотталушылардың әрекетінен жақындарының өзі шошып отыр. 

ЛЮБОВЬ ЛУКИНА, СОТТАЛУШЫНЫҢ АНАСЫ:

2009 жылы ол менің бір саусағымды шауып тастады. Кейін дәрігерлер тігіп берді. Мені өлтіремін деп талай қорқытты.