$517.84 €543.11 ₽5.28
×

"Сергек"-ті алып тастауы мүмкін

23.01.2025ж. 20:00
109
"Сергек"-ті алып тастауы мүмкін

Қостанайда бір жыл бұрын орнатылған мыңнан астам бейнебақылау жүйесін алып тастауы мүмкін.Аудит тексерісінен кейін жобаға тапсырыс беруші тарап құрылғы сапасына күмән келтіріп отыр. «Сергек» төңірегіндегі дау қалай шешілмек? Қос тараптың уәжін Қостанайдағы тілші Заңғар Санай жеткізеді. 

Қаланың әр бұрышына, көше қиылысына орнатылған құрылғылар бір жылдан бері сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Ұзын саны -мың үш жүзден астам. Тұғырға қонған түрлі камераның көмегімен он екі ай ішінде қоғамдық тәртіп бұзған талай тұрғын ұсталды. Алайда сапасы техникалық талапқа сай келмейді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Техникалық талаптарға сай емес екені анықталды.Компанияларға жаңағы уведомлениясы беріліп, оларға айырбастау немесе дұрыстау керектігі ескертілді.Бір де бір теңге қаражат төленген жоқ.Төленбейді де.Дұрыстап тапсыру керек ең біріншіден.

Құны қымбат құрылғыларды «Көркем Телеком» серіктестігі орнатқан. Жоба құны -3,5 миллиард теңге. Мемлекеттік тапсырыс беруші тарап қомақты қаражатты 5 жылда бөліп төлеуі керек.Бірақ құрылғының кейбір түрлеріне зияткерлік құқық рәсімделмеген, қазақстандық мазмұнда сертификат жоқ.Кейбір камера метрологиялық құжаттан жұрдай.Осының бәрі аудиторлық тексеріс нәтижесінде анық болды, дейді басқарма басшысы.

АЗАМАТ ҚАШИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Аудиторлық есепті алғаннан кейін хат жібердік «Көркем Телекомға». Былтыр жыл аяғында жуауп берді.Біз қарсымыз.Бәрі сай.Заңға сай келеді деп.Полиция департаментімен бірге отырдық.Егжей-тегжйелі қарап шықтық.Сосын сотқа береміз деп уәделестік де, қаңтардың басында сотқа бердік.

Алайда тапсырысты орындаған серіктестік өкілдері техникалық олқылықтар түзетілді.Қажетті құжаттар түгел ұсынылды деп отыр.

ОЛЖАС ШҰҒАЕВ, «КӨРКЕМ ТЕЛЕКОМ»ЖШС ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Техникалық олқылықтарды түзету жайлы ескерту жасады.Құжаттарды түгендеуді тапсырды.Біз оны орындадық.Иә, бұл тектес тексерістер болып тұрады. Біз қоғам үшін де өкілетті органдар үшін де ашықпыз.

Тапсырыс беруші тарап мемлекеттік –жекеменшік әріптестік негізінде қол қойылған келісім шартты бұзуды көздеп отыр.Сондықтан сотқа жүгінген. Жол ортада тоқтаған жобаның тағдырын енді сот шешеді.