Павлодарда ауыл мектебінің түгі қалмай жанып кетті. Абырой болғанда, ғимаратта оқушылар болмаған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқыпты. Ертіс ауданына қарасты Бұланбай негізгі білім беру мектебінде бар- жоғы 20-ақ оқушы бар. Аудан әкімдігі оқушыларды уақытша басқа ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылдады. Өңірде өрт жиілеп тұр. Жылу маусымы басталғалы тілсіз жаудан 7 адам көз жұмды. Ал 5 адамды күйік шалған. 3 адамға иіс тиген. Әсіресе, жеке тұрғын үйлерде қайғылы жағдай көп болады. Мамандар бұған қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп - деп отыр.
ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
Ең басты себептері сымдардың тұйықталу және электросымдарды монтаждау кезіндегі. Сосын отпен абайсыз болу. Пештерді қолдану және орнату кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады ең басты себептері.