Таразда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жұмысшы мамандық иелерімен кездесу өтті. Шараны ұйымдастырушы- «АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты. Кездесу барысында: «Кәсіби даму мен оқыту мүмкіндіктері», «Жұмысшылардың құқықтары мен оны қорғау», «Қазіргі таңда сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары мен болашақтағы еңбек нарығы», «Отбасы Банк арықлы үй алу мен шот ашу» мәселелері талқыланды.
ЕРҒАЛИ РҮСТЕМҰЛЫ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Аталған мәселе бойынша "Аманат" партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес бар. Енді түрлі мәселелер, жастардың мәселелері көтеріліп жүр. Бұл мекемеде де жастардың дені үлкен, сондықтан өзіміздің кеңесте күн тәртібінде қарайтын боламыз алдағы уақытта.
Өскеменде де «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында колледж студенттері мен жұмысшы мамандық иелерімен кездесу ұйымдастырылды. Онда білім алушылар ақпараттық және технология бағыттары бойынша кеңес алды. Сондай-ақ жұмысшы мамандық иелеріне мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілетіні туралы айтылды.
САЙРАНГҮЛ ЖҰМАДІЛОВА, «АMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан жұмысшы мамандықтарды қолдау. Ең басты алға қойып отырған мақсатымыз олардың денсаулығы, оларға әлеуметтік қандай көмек көрсетіледі. Олардың құқығы, Ең басты оларды толғандыратын еңбекақысы, мемлекет тарапынан жұмысшы мамандықтарға барлық жағдай жасалатыны айтылды. Осының барлығын біз бүгін жастарымыздың санасына жеткіздік деп ойлаймын.