$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Дональд Трамп: Мен президент болғанда Украинада соғыс болмас еді

AstanaTV
23.01.2025ж. 16:09
94
Дональд Трамп: Мен президент болғанда Украинада соғыс болмас еді

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинада соғысты тоқтату туралы келіссөз жасалмаса, Ресейге қарсы санкция салуы мүмкін екенін мәлімдеді. Трамп бұл туралы журналистермен сұхбат кезінде айтты,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Ақ үй басшысы жақында Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесетінін жеткізді. Кейін Трамп Truth Social желісінде соғысты тоқтату туралы келісім жасалмаса, Ресейдің АҚШ пен басқа елдерге сататын тауарларына жоғары салық, тариф пен санкциялар енгізілуі мүмкін екенін жазды.

«Уолл Стрит Джорнал»-дың мәліметінше, Трамп Украинадағы өзінің арнайы өкіліне соғысты 100 күнде аяқтауға тапсырма берген.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Соғыс ешқашан басталмауы керек еді. Мен президент болғанда Украинада соғыс болмас еді. Алайда олай болмады. Себебі сайлау бұрмаланды.