$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Бір қолға 5 келі: Астанада картоп сатылымына шектеу енгізілді

AstanaTV
23.01.2025ж. 16:35
107
Бір қолға 5 келі: Астанада картоп сатылымына шектеу енгізілді

Астанада танымал сауда желісінің супермаркеттерінде картоп сатылымына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елордадағы супермаркеттердің бірінде осыған қатысты хабарландыру жарияланды. Онда бірінші сұрыпты картоптан бір қолға 5 келіден артық берілмейтіні айтылған. Редакция тілшісі аталған жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін Астана қаласының әкімдігіне және Сауда және интеграция министрлігіне жүгінді.

Елордадағы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарлауынша, қалада картоп тапшылығы жоқ. Өнім сауда желілерінің және базарлардың сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған және қоры уақытында толықтырылып отырады.

"Өнімді көтерме сатып алып, кейінірек дүкендерде қайта сатудың алдын алу мақсатында Small және Spar сауда желілерінің нүктелерінде картоп сатылымына уақытша шектеу енгізілді – бір қолға 5 келіден артық емес", – деп жауап берді басқарма.

Сауда министрлігі де елордада және Қазақстан бойынша картоп тапшылығының жоқ екенін растады.