$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Павлодарда 11 жастағы қызды зорлаған жаттықтырушы өмір бойына сотталды

AstanaTV
24.01.2025ж. 11:37
82
Павлодарда 11 жастағы қызды зорлаған жаттықтырушы өмір бойына сотталды

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалар футбол клубының 31 жастағы бапкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктіге "кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты зорлық-зомбылықпен сексуалдық әрекеттер жасау" және "кәмелетке толмаған адамға күш қолдану арқылы есірткі қолдануға мәжбүрлеу" баптары бойынша айып тағылған.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді. Қылмыс 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған.

Сотталушы К. алдау арқылы 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қонақүйге әкеліп, оны қонақүй әкімшісіне өзінің қарындасы ретінде таныстырып, бір бөлмеге орналасып, одан кейін сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Барлық дәлелдер бар. Олардың баламен бірге кіріп, кейін шығып бара жатқаны түсірілген видеолар бар. Сондықтан сотта бұл қылмысты күдіктінің жасағанына еш күмән болған жоқ, – деді судья.

Сот жабық есік жағдайында өтті.