Атырауда тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы биіктен құлап кетті. Олардың біреуі оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні болған.
– Атырау қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы 5-қабаттан құлағаны анықталды. Оқыс оқиға орнында 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттың салдарынан мерт болды. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді, – деп нақтылады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды.