Бас прокуратура шетелге қашып, экстрадицияланған қазақстандықтар туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, қылмысқа қарсы іс-қимыл, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс жүріп жатыр.
«2024 жылы 9 (1) халықаралық шарттар жасалды. Мароккомен – 3, Перумен – 3, Катармен – 2 және Кипрмен – 1. Шетелде жасырынып жүрген адамдарды экстрадициялау бойынша жұмыс жандандырылды. 2024 жылы Қазақстанға 67 (55) адам ұсталып жіберілді: Ресейден – 37, Грузиядан – 6, Қырғызстаннан – 4, Түркиядан, БАӘ мен Әзербайжаннан – 3, Польша мен Армениядан – 2, Испания, Швеция, Чехия, Германия, Корея, Молдова, Украина елдерінен – 1», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.